Жас каламгер
Сайт туралы
Меню сайта

Поиск


Қазақ жастарының ақпараттық танымдық порталы

Қазіргі уақытта Қытай аз ұлттылардың денін жаулап бітті демей немене?! Мұнда 56 ұлт бар болса, оның 50-дейі "қытай” болып кеткен. Қытай үшін қазақ, ұйғыр сияқты ұлттар ғана "қытайланудың” ендігі кезегінде тұр. Қазір қытайлар жазда болған "Шыңжаң оқиғасынан” кейін оларды жаулаудың басқалай саясатын ұстанды дегенді де естідім… Ұйғыр ағайынымыздың күшке көнгісіз екенін білген соң, әрі әлем алдында дау тудырмас үшін, оларды "кәмпитпен” алдауды бастады-мыс. Мысалы, бұл астыртын бір саясаты бойынша, ұйғырдың қыздарына қытайдың өздерінен бұрын жұмыс тез табылады! Алдымен ұйғыр қыздарын жұмысқа алады… Қандай жұмыс? Әрине, ішкеріде! Айлығы тәуір біліктілігіне қарай кез келген қызмет орындарынан жұмыс тауып береді. Себебі, "Қысық көз көршіміз”, қытайдың қақ ортасына түскен соң олардың "қытай” боп кетуі оңай деп есептейді екен… Міне! Соғыссыз жаулаудың қарапайым бір амалы осылай болса керек! Бұл "айдаһарлы елдің” мықтылығы!

"…Отаның, өз жерің, бостандығың бар, неткен бақытты жан едің…” деп маған қызыға қарайтын мұндағы аз ұлттылардың әңгімесін естігенде сөзсіз ұяласың! Себебі, сол қолда бар батпандай бақтың қадірін ұқпай жүргеніміздің бір парасын жоғарыда айтып кеттім…

Олар рас айтады! Біз расымен де бақытты елміз! Бірақ оны өзіміз кейде бағалай алмаймыз!

Қазақстанға сұқтанып қарайтындарды сырттан қайтару үшін, алдымен "Қазақ” деп айғайлаудың емес, Қазақ сияқты ойлайдың, ойланудың, әрі жүректі "Қазақ” деп соқтырудың маңыздылығы басым деп ойлаймын, бауырым!
Жас каламгер © 2021
Сделать бесплатный сайт с uCoz