Жас каламгер
|
|
|||||
|
Тәтті мейрам, кетпесе де ащы дәмі, Тәуелсіздік ұлт біткеннің басты арманы. Ана жасы, атаның аққан қаны, Бекер болмай, Тәуелсіздік атты-ау таңы! АЩЫ ДА ТӘТТІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! "Қазақпын” деп айтпас бұрын, Қазақ сияқты ойлан!” Рас, баланың тілі бесінде шығып қоятын болса, тәуелсіз қазақ тілі өзінің отау құрар он үшінен асып кеткеніне міне, бақандай бес жыл өтсе де әлі былдырлап келеді. Өз елінде өгей баланың күйін кешіп келе жатқан ана тіліміздің жетімсіреп жүруінің ап-анық санаулы себептері бар. Ол туралы айта-айта ауыз талып, жаза-жаза жауыр болды. Ал, қазақы ауылда туып, қазақы отбасында «өмір сүрген» және орыс тілінің «құйрығын» басып көрмеген қазіргі кейбір қазақсмақ жастардың қалалы аймаққа білім қуып келгендегі "жаңа өмірге” деген жасампаз әуестігі – тілдің тәуелсіз бола алмауының дерті, әрі беті көп ашыла бермейтін «жараның» бірі болып тұр.
Қазақты «қолтығынан сүйейтін» қазақтардың енді бір тобы табаны өз Отанының топырағына тимей, тарыдай шашылып шет елдерде жүр. Олардың санасын соғыссыз жаулау саясаты басталып қана қоймай, өз нәтижесін бере бастағанына да біраз уақыт болды. Басқасын айтпағанда, қазақтар ең көп қоныстанған Өзбекстан қазақтарының дені «өзбек» боп, Қытайдағы қазақтардың алды «қытай» бола бастады. Маңдай тері қазақ топырағына сіңуге тиіс бауырларымыздың еңбек күші өзі тұрып жатқан елге амалсыздан жұмсалып жатқанымен, олардың дені тілінен әлі де болса айрыла қойған жоқ. Оны қытайлардың өзі де таңданыспен айтып жүр. Туған күніңмен! Асқар батырымыз, туған күнге біздің ауылда жастарға қозы, орта жастағы аға-әпкелерімізге жүйрік тай беруші еді... Тай бермесек те, тайдың жүйріктігіне жететін шабытты сөздер мен жақсы тілектер сарп етсек дейміз. Бірде қуантып, бірде даттайтын, арасында қышқыл сөздерімен жиіркендіріп те қоятын, ал кейде ішек сілемізді қатыратын, тіпті кейбір форум, логгерлердің қас жауына айналсаң да біздің ортамыздан, яғни виртуалды «ауылымыздан» шалғайлама. Екі өмірде де (реал мен виртуал) қоғамыңның алды, яғни үнемі көш бастап жүруіңді тілейміз. Сені ғаламтор әлеміндегі қауым, яғни «қазнет» өткір сөздерің мен батыл мінезің, әрдайым есті де зерек, зейінді де сергек, талғампаз да текті, көрегендігің үшін құрметтейді десек артық айтпаспыз. Айтып, айтпай не керек, онсыз да айғақ нәрсе ғой - СЕН барлығының алдысың. ;) Сондықтан, тек қана алға демекпіз. Алла саған денсаулық пен қайрат берсін, әрдайым жолың ашық болғай. Туған күнің құтты болсын!! Құттықтаушылар: "Жастар" порталының қолданушалары.
|
Жас каламгер © 2023 |