"Жас каламгер" - сайт молодых писателей - Басты бет
Жас каламгер
Басты бет
Меню сайта

Поиск


Тәтті мейрам, кетпесе де ащы дәмі,

Тәуелсіздік ұлт біткеннің басты арманы.

Ана жасы, атаның аққан қаны,

Бекер болмай, Тәуелсіздік атты-ау таңы!

АЩЫ ДА ТӘТТІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!





"Қазақпын” деп айтпас бұрын, Қазақ сияқты ойлан!”

Рас, баланың тілі бесінде шығып қоятын болса, тәуелсіз қазақ тілі өзінің отау құрар он үшінен асып кеткеніне міне, бақандай бес жыл өтсе де әлі былдырлап келеді. Өз елінде өгей баланың күйін кешіп келе жатқан ана тіліміздің жетімсіреп жүруінің ап-анық санаулы себептері бар. Ол туралы айта-айта ауыз талып, жаза-жаза жауыр болды. Ал, қазақы ауылда туып, қазақы отбасында «өмір сүрген» және орыс тілінің «құйрығын» басып көрмеген қазіргі кейбір қазақсмақ жастардың қалалы аймаққа білім қуып келгендегі "жаңа өмірге” деген жасампаз әуестігі – тілдің тәуелсіз бола алмауының дерті, әрі беті көп ашыла бермейтін «жараның» бірі болып тұр.

Өкінішке орай, мұндай қазақтар бұл «дертке» дүниеге «қазақ есігін» ашып кіргенімен, ұлттық тәрбие, қазақы салт-сананы бойына сіңіре алмағандықтан шалдығады. Бұл сан мыңдаған «шолақ тілді» қала қазақтарын ақтағандық емес, бірақ бар кінәні кейде біреудің мойнына арта салып сүттен ақ болып жүргеніміз де әділдікке жатпайды. Сол қалалы аймақтағы қазақтардың «дертіне» табылмайтын дауа болудың орнына, олар керісінше «жығылғанға жұдырық» болудан аса алмай келеді.


Еліміздегі бар қазақың санын толтырып отырғандардың қонысы негізінен ауылдық аймақта. Ал сол туған жерінен түлеп ұшқандардың дені қанаты қатпастан қалаға бет түзейді. Қалаға келіп «құлап жатқандарды» тұрғызып кетпесе де, олар өздерін өзі жығып алмаса жарар еді. Алайда қазіргі таңда мемлекет мінберінде тұрған бар қазаққа ортақ мәселені әдеттегідей билікке сырып қойып, олар бір-бірімен орысша былдырласып осыншалық бейшара күйге түсіп жүргені де жалған емес.


Қазір бәрі керісінше. Яғни, орысша сөйлей аламайтындарды заман ағысынан қалған деп қарайтындар да – солар, орысша білмеуді намыс көріп, не өзі қатырып сөйлеп кете алмай жүрген де – солар. Өкініштісі, олар өз тілінде сөйлеп қана елді негізгі мұқтаждығынан айыруға тамшыдай болсын үлес қоса алатындарын сезіне алмай келеді. «Басынан шіріген балықтың» ендігі құрып жатқан жері – осында. Демек, ауылдан келген мұндай қазақ жастарының тілі қазақ болғанымен, олардың ділі әлсіз болып тұр деген сөз. Алайда, тілі «қазақ» деп сайрағанымен, жүрегінің жалыны болмайтын мұндай қазақтар туралы сөз қозғап жатқанымызда, тек білім қуып қалаға келген жастарды ғана ойлауға болмайды. Және олардың барлығы солай екен деген пікір қалыптастырмау керек. Олардың ішінде алар білімін алып болып, қоғамдық ортада қызмет етіп жүргендердің де салмағы ауыр. Аянышты болса да, бұл біздің қазақ қоғамның қазіргі жағдайы.

Қазақты «қолтығынан сүйейтін» қазақтардың енді бір тобы табаны өз Отанының топырағына тимей, тарыдай шашылып шет елдерде жүр. Олардың санасын соғыссыз жаулау саясаты басталып қана қоймай, өз нәтижесін бере бастағанына да біраз уақыт болды. Басқасын айтпағанда, қазақтар ең көп қоныстанған Өзбекстан қазақтарының дені «өзбек» боп, Қытайдағы қазақтардың алды «қытай» бола бастады. Маңдай тері қазақ топырағына сіңуге тиіс бауырларымыздың еңбек күші өзі тұрып жатқан елге амалсыздан жұмсалып жатқанымен, олардың дені тілінен әлі де болса айрыла қойған жоқ. Оны қытайлардың өзі де таңданыспен айтып жүр.



Туған күніңмен!

Асқар батырымыз, туған күнге біздің ауылда жастарға қозы, орта жастағы аға-әпкелерімізге жүйрік тай беруші еді... Тай бермесек те, тайдың жүйріктігіне жететін шабытты сөздер мен жақсы тілектер сарп етсек дейміз. Бірде қуантып, бірде даттайтын, арасында қышқыл сөздерімен жиіркендіріп те қоятын, ал кейде ішек сілемізді қатыратын, тіпті кейбір форум, логгерлердің қас жауына айналсаң да біздің ортамыздан, яғни виртуалды «ауылымыздан» шалғайлама. Екі өмірде де (реал мен виртуал) қоғамыңның алды, яғни үнемі көш бастап жүруіңді тілейміз. Сені ғаламтор әлеміндегі қауым, яғни «қазнет» өткір сөздерің мен батыл мінезің, әрдайым есті де зерек, зейінді де сергек, талғампаз да текті, көрегендігің үшін құрметтейді десек артық айтпаспыз. Айтып, айтпай не керек, онсыз да айғақ нәрсе ғой - СЕН барлығының алдысың. ;) Сондықтан, тек қана алға демекпіз. Алла саған денсаулық пен қайрат берсін, әрдайым жолың ашық болғай. Туған күнің құтты болсын!! Құттықтаушылар: "Жастар" порталының қолданушалары.
Жас каламгер © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz